Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймыз.
Құрметті әріптестер!!! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймыз.Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып саналатын Наурыз татулық пен достық, молшылық пен байлық, жаңару мен жаңғыруды әспеттейтін мереке. Қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңесетін , табиғаттың қайта түлейтін мерекесі!Болашақ өскелең ұрпақтың өркендеуіне қосқан үлестерің жемісті болсын! Ақ көп болсын! Ұлыс оң болсын!