ҚР, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауд., Уштаган а., Жана ауыл көшесі, 28

Сұға түсү кезінде — қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Сұға түсү кезінде — қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Сұға түсү кезінде — қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Жыл сайын жаз мезгілінің басталуымен Каспий теңізінің жағалауында демалатын халық ағыны айтарлықтай өседі. Маңғыстау ауданының аумағында су айдындары орналаспаған, алайда аудан тұрғындары жаз айында Каспий теңізіне барып шомылатыны бәрімізге мәлім. Осыған байланысты, жазғы айларда судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан адамдардың суда қаза болуы мен жарақаттануы байқалады.

Ағымдағы жылы облыстың су айдындарында адам өлімі тіркелген жоқ. Алайда, соңғы 5 жылда қайғылы статистика​ 55 адамның өлімін құрайды, оның ішінде 11 бала. Көрсетілген кезеңде ауданның 3 тұрғыны суға кету оқиғасы орын алды.

Анықтама:

2018 жылы 10 адам суға кетті, оның ішінде 2 бала;

2019 жылы 14 адам суға кетті, оның ішінде 6 бала;

2020 жылы 9 адам суға кетті, оның ішінде 1 бала;

2021 жылы 11 адам суға кетті, оның ішінде 1 бала;

2022 жылы 11 адам суға кетті, оның ішінде 1 бала.

​Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 «Маңғыстау облысында ортақ су пайдалану қағидалары туралы» шешімімен облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 9 учаске анықталды, оның ішінде Ақтау қаласында – 2, Түпқараған ауданында – 4, Мұнайлы ауданында – 1, Қарақия ауданында – 2.

Анықтама:

Ақтау қаласы бойынша:

1) 4 ықшамаудандағы «Каспиан Ривьера» қонақ үйінен М. Өскенбаев атындағы облыстық филармонияға дейін Т. Г. Шевченко ескерткішінен 5 ықшамауданға түсірме бойынша, ұзындығы 300 метр және ені 20 метр;

2) «Шора» су арнасы, жағалау аймағының ұзындығы 100 метр және ені 20 метр.

Түпқараған ауданы бойынша:

1) ұзындығы 2000 метр және ені 30 метр «Ақтау-Форт-Шевченко» жолының «43 километр» жағалау аймақтары;

2) ұзындығы 900 метр және ені 30 метр, «Көгілдір бухта» 64 километр;

3) ұзындығы 3200 метр және ені 30 метр, «Саура» 86 километр;

4) «Тамшалы» Форт-Шевченко қаласынан 30 шақырым, ұзындығы 3700 метр және ені 30 метр; «Сартас» Таушық ауылынан 20 шақырым, ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр.

Мұнайлы ауданы

Батыр ауылындағы су қоймасы
Қарақия ауданы

Ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр құрайтын Жыланды жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалау аймақтары.
Ұзындығы 3 000 метр және ені 30 метр құрайтын Тоқмақ жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалау аймақтары

Осы нөмерге хабарласыныздар: +77001291917 Бакдаулет