Бақшамызда педагогтар арасында Консультациялық пункт туралы түсіндірме жұмыс жүргізіліп МКҚК «Арай» бөбекжайында мектепке дейінгі ұйымға балалары келмейтін ата-аналарға арналған Консультациялық пункті ашылғаны жайлы хабарлаймыз. Егер сіздің балаңыз балабақшаға келмейді, бірақ сізде баланы тәрбиелеу мен оқытуға, дамытуға, денсаулығын нығайтуға қажетті сұрақтар туындаған жағдайда, сіз балабақша директорымен, әдіскерден, психологтан, медбикеден балабақшаның Консультациялық пункітінен кеңестер мен практикалық көмек алуыңызға болады. Біздің консультациялар ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіп баланың жан-жақты дамуына жәрдемдесуге бағытталған. Әкімшілік Консультациялық пункттің жұмыс кестесі: Сәрсенбі сағат: 09.00-12.00 дейін Бейсенбі: 09.00-12.00 дейін Консультация алуға күнделікті Байланыс телефоны 87052402722 хабарласып жазылуға болады.
Апта күндері қабылдау уақыты мен қабылдау орны: сағат: 09.00-12.00 Әдіскер бөлмесі