ҚР, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауд., Уштаган а., Жана ауыл көшесі, 28

Ауданға 95 жыл — Түлектер тартуы

Ауданға 95 жыл — Түлектер тартуы

Ауданға 95 жыл: ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

Маңғыстау ауданының 95 жылдығы қарсаңында аудан бөбекжайлары қосымша кабинеттермен толығуда. Ауданымызда 7 балабақшада инклюзивті кабинеттер ашылды. Солардың қатарында Ұштаған ауылындағы «Арай» бөбекжайы да бар.

«Арай» бөбекжайында тәрбиеші-педагогтер арасында семинар және инклюзивті кабинеттің ашылу шарасы болып өтті. Бір қуантарлығы — А.Өтепбергенов мектебінің 30 жылдық түлектері аталмыш кабинетке таудай үлес қосты. Түлектер мектеп бітіргеніне 30 жыл толуына орай инклюзивті кабинеттің керек-жарағын алып беріп, демеушілік көрсеткен.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны жыл сайын артып барады.

Мұндай кабинеттердің бірден бір пайдасы — ерекше балалардың қалыпты ортаға бейімделуіне әсер етеді. Өйткені мұнда бала денсаулығын түзету жұмыстарының түрлері іске асады, ұсақ моторикамен жұмыс жасайды, зейінін ашады. Дефектология, логопедия және психология жағынан қолдау көрсетіледі.

Бөбекжай ұжымы мен ата-аналар мектеп түлектерінің игі ісіне ризашылығын білдірді.